"Үйге келсем, анашым жылап отыр". Танымал актер Желіде күтпеген жазба жариялады

Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев Желіде өткен күндері туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Үйге келсем, анашым жылап отыр". Танымал актер Желіде күтпеген жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, өнерде дамуына анасының септігі тиген.

"2011 жылы үйге келсем, анашым жылап отыр. Шошып кеттім. Жаймен қасына келіп, "мама, не болып қалды?" десем, "мен сахнада елдің алдында жүрген баламды сағындым" деді. Анамның осы сөзі сол күннен бастап менің өміріме үлкен мотивация болып кетті. Ананың ақ тілегі, дұғасы әрқашан қабыл болады. Содан 6-7 жыл тоқтамай жұмыс істедім, жұмыстың түріне қарамадым. Сахнаға шығуға тырыстым. Бірақ ойлаған үлкен сахнаға қол жеткізе алмадым", - дейді актер. 

Осылайша, Жахан депрессияға түсіп кеткен. 

"Сол кезде анам "менің балам болсаң, басыңды көтер де, мықты екеніңді дәлелде, менің балам лучший" деп тағы мотивациясын беріп жіберді. Енді точно тоқтамаймын деп шештім, қандай қиыншылық болса да аяғына дейін барамын деп өзіме сөз бердім", - деп жазған ол парақшасында.