Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Кездескен жігіттер, ертесіне мені бұғаттайтын»: Танымал актриса жан сырын ақтарды

Танымал актриса, блогер Айшолпан Байтүгел Асхат Садырбайға берген сұхбатында толықтығының кесірінен өзін кем сезінетінін жасырмады, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кездескен жігіттер, ертесіне мені бұғаттайтын»: Танымал актриса жан сырын ақтарды
Фото: видеодан скриншот

Актрисаның айтуынша, ол толық болғандықтан, махаббаттан да жолы болмаған. 

"Бәрі маған толықсың деп айтады, мен тіпті бұдан қысыламын. Менің бойым - 1 метр 60 сантиметр, ал салмағым - 82 келі. Менің бойым мен салмағым сәйкес келмейді. Сондай-ақ, маған қоғам тарапынан келетін хейттің барлығы осы толықтығыма қатысты. Мен сондықтан да әлеуметтік желілердегі парақшаларыма тамақтанып отырған сурет, видеоларымды жүктемеймін. 

Осы толықтығымның кесірінен махаббаттан да жолым болмаған. Сөйлесіп көрген жігіттерім болды. Бірақ 99 пайызы бетімді қайтарды десем болады. Кәдімгідей кездесуге шығып келемін, ертесіне менің нөмірімді, әлеуметтік желілерде бұғаттап тастайтын. Мен бұл туралы қиналмай айта беремін. Білмеймін, сырт келбетім ұнамаған шығар. Бірнеше кездесуге шықтым, жақсы көрген адамдарға өзім бірінші болып айтқан кездерім де, олар менің бетімді қайтарған кездері де болды. Сондықтан мен бұл нәрсені  қабылдадым, айта алдым, мойындадым. Негізі сол кезде ғана жеңіл болады екен. Осы себепті маған біреу өліп ғашық болды деп айта алмаймын.

Мұның себебі менің сол кездегі жан-дүниемнің күйінен деп ойлаймын. Кез келген ішкі дүние - адамның айнасы деп жатады ғой. Мен өзім неден қысыламын, сол нәрсені маған бәрі көрсететін. Ал қазір мен олай ойламаймын, мен қазір өзімді жақсы көремін", - деді актриса.