Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ермұрат Бапи: Гербті шынында да өзгерту керек

Бұл туралы белгілі журналист, қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Мүмкін емес/Не может быть!» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Ермұрат Бапи: Гербті шынында да өзгерту керек
uralskweek.kz

«Жалпы қазіргі қоғамдағы дәл сол уәжді түсінемін, мойындаймын, қолдаймын. Қазір байқасаңыз, биліктің тарапынан да, соңғы кезде трендқа айналып кетті – «Бұл Президенттің бастамасы емес еді» деген әңгімелер айтыла бастады. Сондай түсінік пайда болды. Конструктивті подход деген осы болады. Қоғамның тарапынан айтылған, санаға сіңетін уәжді билік қабылдап жатыр, бұл әлеуметтік желінің де ықпалы. Ал қоғамның тарапынан құрылған күштер жоқ, әлеуметтік желіде бытырап-бытырап шыққан пікірді билік қабылдап, «жоқ, ол Президент аузынан шыққан жоқ» деген сияқты түсінік бар. Кімнің аузынан шықса да, мәміле табылды. Яғни, ертеңгі күні гербті ауыстырып жатқанның өзінде қоғам ұсынысы қабылданады. Қоғам тарапынан қанатты атты емес, басқа бірдеңе болуы мүмкін, атрибуттары жөнінде ұсыныстар болуы мүмкін.   
Дәл қазіргі жағдайда біз басқа мәселемізді оңдырып алмай тұрып, гербті бірден ауыстыра салғанымыз ертерек шынында да. Бізде жөндейтін тақырыптарымыз көп қой елде. Күн тәртібінде тұрған өткір-өткір мәселелер бар. Менің мойындайтыным, гербті шынында да өзгерту керек. Ол қиял ғажайыптардың элементі сияқты. Мен маман емеспін. Бірақ, бір қарағанда әдемі көрінеді, таным-түйсік дүниесімен қарағанда басқаша қабылданады. Өзгерту керек», - деді депутат.