"Не маңырап тұр?". Тойда өз әнін айта алмай қиналған Қайрат Нұртас ұятқа қалды

Тойда ән салған Қайрат Нұртас өз әнін жанды дауыста қиналып айтып ұятқа қалды. Ал оның қасына келген қонақтардың бірі әншімен бірге ән орындап, өнер жұлдызынан асып түсті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Не маңырап тұр?". Тойда өз әнін айта алмай қиналған Қайрат Нұртас ұятқа қалды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл сәтті тойға келгендер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

"Сені сүйем" әнін шырқап тұрған әншінің қасына той қонағы келіп, туындыны бірге орындайды. Осы сәтте асаба оларға тағы бір микрофон әкеліп береді. Жанды дауыста айтылған әнді өнер иесі қиналып айтып тұрғанын байқауға болады. Ал қасындағы жігіт туындыны еш қиналмастан орындап шығады.

Видеоны көрген желі қолданушылары да өнер жұлдызының жанды дауыста ән айта алмай қиналғанын байқаған.

"Қайрошқа қою керек енді", "Қалай айтсаңдар да Қайратта дауыс жоқ", "Не мыңарап тұр", "Тойды құртты", "Қайран ақша қор болған. Шыңғырып, бақырып не істеп тұр?", "Қоя салшы", "Қайрат Нұртас, сен жанды дауыста ән айтпай-ақ қойшы", "Ұят, дауысы жоқ", "Айта алммай тұр ғой", "Қайратқа қарағанда қасындағы жігіттің дауысы жақсы екен", "Масқара, сонша дарылдағаны несі", "Мамасының баласы" деп жазды желі қолданушылары.