“Саламалейкум, братва!” МС Сайлаубек сәлем жолдады

Түсініксіз тілде рэп оқып, көпшілікке танылған МС Сайлаубек ұзақ үзілістен кейін ел алдына шықты. Ол бірнеше жылдан бері көзден таса болып кеткен еді, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

“Саламалейкум, братва!” МС Сайлаубек сәлем жолдады
ашық дерек көздерінен

Қарапайым күн кешіп, бір-ақ күнде түсініксіз әндері арқылы танылған МС Сайлаубектің бейнежазбасы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда рэпер Атыраудың жігіттеріне сәлем жолдап жатыр. Осы сәлемі үшін ол видео авторынан кәуап алып беруін сұрайды.

Ассалаумағалейкум, жігіттер. Махаттың, Құлсарының, Атыраудың азамат жігіттеріне, соның ішінде тентек жігіттеріне сәлем. Саламалейкум, братва. Бір кәуәп жеп кетейін енді,

— дейді МС Сайлаубек.