“Мені ешкім тастап кеткен жоқ": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты

10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан Сиви Махмуди экс-жарымен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

“Мені ешкім тастап кеткен жоқ": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты

Сөзінше, бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды.

Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:

“Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім”, – деп жауап берді. 

Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті. 

“Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды”, – деді ол.

Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді. 

“Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын”, – деді ол.