Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Екінші баласына аяғы ауыр Мақпал Исабекованы шетелдік күйеуі тастап кетті

ӘншіМақпал Исабекованың қазір аяғы ауыр. Екінші сәбиін күтіп жүрген өнер иесін күйеуі тастап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365 сайтына сілтеме жасап.

Екінші баласына аяғы ауыр Мақпал Исабекованы шетелдік күйеуі тастап кетті
Фото: видеодан скриншот

Әнші бүгінде жолдасымен бірге тұрмайтынын жасырмады. Мақпал Исабековаға Instagram желісінде жолданған сұрақтардың көбісі күйеуі жайлы болатын. Ол өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға жауап берді.

“Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба?" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма, жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім”, - дейді әнші.

Ол бүгінде күйеуі қайда екенін білмейтінін айтып қалды.

«Күйеуімді бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз", – деп жазды Мақпал Исабекова. 

Еске сала кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылы мамыр айында тұрмысқа шыққан болатын. Ол сүйіктісімен мешітте шариғат некесін қидырған. Бұған дейін Теодор есімді бір ұлды дүниеге әкелген.