"Оны менің кім екенім қызықтырмас еді": Байзақова тұрмыстағы өмірін елестетті

Әлеуметтік желіні шулатудан жалықпайтын блогер Айжан Байзақова тағы да елді елең еткізді. Ол ақымақтау кезінде тұрмысқа шықпағанына «Құдайға шүкір» деп отыр деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Оны менің кім екенім қызықтырмас еді": Байзақова тұрмыстағы өмірін елестетті
Сурет: ашық дереккөз

Атушылы блогердің жазуынша, ол бұрын тұрмысқа шығып кете жаздапты. Енді ол кезінде дұрыс қадам жасағаны үшін өзіне дән риза көрінеді. Оның пайымдауынша, адам алдымен өзі бақытты болса, некесі сәтті болады екен.

«Құдай менің жағымда. Ол мені сақтап қалды. Қазір мен әлемді танымастан, үйде үш баламен, күйеуімнің шұлығы мен іш киімін жуып отырар едім. Ал оны менің кім екенім де қызықтырмас еді. Өміріме көңілім толмағандықтан және ақымақтығымнан оның миын ашытып, ақырында ажырасып тынар еді», –  дейді блогер.

Байзақова  некеге дейін  адам әлемді танып үлгеру керек екенін де тілге тиек етті.

«Әуелі іштей бақытты болсаң, некең де сәтті болады. Бір-бірлеріңнің мазаңды алмай, артық мәселесіз жақсы көресіңдер. Сондықтан не болса да жақсылыққа», – деді Байзақова.