"Чарли Чаплин сияқты": Нұрлан Еспанов жас кезінде қандай болғанын көрсетті

Әнші Нұрлан Еспанов желіде отбасылық мұрағаттағы суреттерін жариялап, елді тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Чарли Чаплин сияқты": Нұрлан Еспанов жас кезінде қандай болғанын көрсетті
Сурет: Nur.kz

Өнер иесі қалың көпшілікке жас кезінде қандай болғанын көрсетті. Еспанов аталмыш фотоларды туған күні қарсаңында Instagram парақшасында бөліскен.

Онда әртістің үйлену тойы кезіндегі суреттері мен ерекше отбасылық кадрларда да бар. Желі қолданушылары эстрада жұлдызын жаңа жасымен құттықтап, оның фотоларына пікірлерін жаудырды. Бірі әншінің жас кезін Гитлерге, енді бірі Чарли Чаплинге ұқсатуда.

"Таза Гитлер болыпсыз ғой", "Нұреке, жаңа жасыңыз құтты болсын. Жүз жасаңыз", "Чарли Чаплинге қатты ұқсапсыз жас кезіңізде", "Мұрт жараспайды екен. Сол кезде оверсайз мода болды ғой бізде. Туған күніңіз қутты болсын! Әрқашан осы жігерлі, әзілқой қалпыңыздан таймаңыз. Биіктен көріне беріңіз", "Өте керемет суреттер, нағыз бұрынғының алғашқы күндерін ұмытпаған. Бақытты отбасы, өте қарапайым жандар", "Шынымен Гитлерден айнымай тұрсыз", - деп жазуда көпшілік.