Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында шағын автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)

Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады.

Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында шағын автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда орталық көшелердің бірінде шағын автобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 10:40-та өрт сөндіру қызметіне Қабанбай батыр даңғылында ГАЗель жанып жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше оқиға "Азия Парк" ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған.

Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен екі техника барған. Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталған. Өрт сөндірушілер Volkswagen маркалы шағын автобустың жанғанын анықтады. Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады.

Полиция жолдың екі жағын жауып тастаған.