Астанада жарылыс болды

Елордада дәмханалардың бірінде газ баллондары жарылып, алапат өрт болды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Астанада жарылыс болды
фото: әлеуметтік желіден

ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданында донер кафесі өртенді

"Төтенше жағдай орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сағат 19:08-де донерханадағы өрт жойылды. Алдын ала өрт аумағы 80 шаршы метрді құрайды.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өртті сөндіру кезінде газ баллондары 4-5 рет жарылды.