Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Нұрлыбек Қабдықапаров облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып биылғы мамырда тағайындалған еді.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Фото: atyrau-densaulyk.kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров қызметінен кетті, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Нұрлыбек Қабдықапаров облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып биылғы мамырда тағайындалған еді. Оған дейін бұл лауазымды Байтолла Ғазизов атқарған болатын.