Бір үйден газдан уланған 4 адамның денесі табылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Махамбет ауданында болған.

Бір үйден газдан уланған 4 адамның денесі табылды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды. Олардың бірі - бала, деп хабарлады paryz.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

"Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыз баланың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алдына ала болжам бойынша, қаза тапқандар көмірқышқыл газынан уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады деді ведомство.