22.05.2024, 16:23

Бішкекте ерекше оқиға видеоға түсірілді

фото: әлеуметтік желіден

Бішкекте ерекше оқиға видеоға түсірілді. Кадрда жүргізушісі жоқ көлік шеңбер бойымен айналып жатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Лебединовка ауылының маңында болған. Бірнеше ер адам айналып жүрген Honda Odyssey көлігін тоқтатпақ болған. Басқа жүргізушілер көлік тоқтағанша күткені көрінеді. Сондай-ақ, көліктің алдыңғы есіктері ашық және тізгінде ешкімнің жоқ екенін байқауға болады. Бір мезетте ер адамдардың бірі көлікті тоқтатып, жол жиегіне шығарады.