12.06.2024, 15:55

Абай облысында ірі бұршақ үйлердің шатырын тесіп өткен (ВИДЕО)

Абай облысының Абай ауданында кенет күн бұзылып, жаңғақтың көлеміндей бұршақ жауды. Жергілікті тұрғындар бұршақ пен жаңбырды фото-видеоға түсіріп, желіде таратты, деп хабарлады nur.kz.

Жұрт бұршақтың көлемін жаңғақтай деп таңғалған. Тіпті үйлердің шатыр жабындысын да тесіп өткен. Ал құтқарушалыр аудан тұрғындарынан арыз-шағым болмағанын мәлім етті.

Абай ауданында Құндызды және Көкбай ауылдық округтерінің аумағында ашық жерлерде бұршақ жауды. Бұршақ диаметрі 40 мм-ге дейін болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу жағдайлары бұзылмады. Зардап шеккендер тіркелгендер жоқ, - деді Абай облысы ТЖД азаматтық қорғау аға лейтенанты Бауыржан Болатбекұлы.