22.06.2024, 16:51

Астанада «Хан Шатырдың» жанындағы ғимарат өртеніп жатыр

Фото: ТЖМ

Астана қаласында «Хан Шатырдың» жанындағы ғимарат өртеніп жатыр. Оқиғаға байланысты ҚР ТЖМ мәлімет таратты, деп хабарлайды Paryz.kz 

Министрлік мәліметінше, осы минуттарда Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран данғылындағы ғимаратта шыққан өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран, 37/9 мекенжайына шықты.

Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.