26.06.2024, 12:34

Атырауда үстіне ескерткіш құлаған 7 жасар қыз қайтыс болды

Фото: atpress.kz

Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 26 маусымда болған.

«Түнгі сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағы алаңында 2017 жылғы жасөспірім қыздың үстіне ескерткіш құлаған. Жасөспірім алған дене жарақатының салдарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.