19.06.2024, 18:00

Алматыда университет аумағында жас жігіт қайтыс болды

Фото: Kazinform

Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында адам қайтыс болды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған азамат университет студенті емес.

«2024 жылдың 19 маусымында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қайтыс болды. Марқұм университеттің студенті емес. Жедел жәрдемнің алдын ала мәліметтері бойынша, өлімге жүректің тоқтауы әкелген. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады университеттен.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.