14.06.2024, 15:27

Түркістан облысында дәріхананы өртеген ер адам өзі күйіп қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кенті «Мұратфарм» дәріханасын өртеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы дәріханалардың бірін өртеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды, ол жергілікті тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.

Анықталғандай, ол өрттен күйіп, ауруханада ем алып жатыр. Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде, мән-жайлар анықталып жатыр.