Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды

Алматыда жол полиция қызметкерлері патрульдік іс-шара кезінде көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Ал жастар қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасаған, деп хабарлады Paryz.kz.

Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды
Фото: zakon.kz

Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіп қалған. Кадрларда жігіттер боғауыз сөз айтып, кейін полицияға шабуыл жасаған. Олар тәртіп сақшыларының бірінің ернін жаралап, мұрнын сындырған. 

Видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамды ұстау фактісі түсірілген. Сонымен бірге, төрт ер адам өздерінің заңсыз әрекеттерімен тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік берген, ол да мас күйінде болуы мүмкін. Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.