Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Атырау облысында Махамбет ауданының тумасы 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды
Фото: kazpravda.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.