Шымкентте 8 жасар баланы көлік қағып өлтірді

Шымкентте сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шымкентте 8 жасар баланы көлік қағып өлтірді
Фото: Otyrar.kz

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

Арғынбеков көшесінде BMW жүргізушісі баланы басып кеткен. Оқушы жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесіне сәйкес жолды кесіп өткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.

Жүргізуші 40 жастағы ер адам болған. Полицейлер жүргізушінің мас болғанын немесе баланы байқамай қалғанын анықтап жатыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.