Алматыда жүргізушісі жоқ автобус төрт көлікке соғылды

Жол-көлік оқиғасы сағат 12:50-де Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Жолдың шетінде тұрған 79-маршруттағы автобус өздігінен артқа қарай жүріп, төрт көлікке соғылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус төрт көлікке соғылды
Фото: видеодан скриншот

Instagram әлеуметтік желісінде оқиға орнынан видео тарады.

Алматы ПД мәліметінше, "KIA" маркалы автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алған.

"Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қабылдады. Мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.