Жетісу облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды
Фото: polisia.kz

Дерек 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында тіркелді. Неміс шетелдік көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 235 шақырымында көліктің аударылуына жол берген.

Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.