Алматыда әйел таксист пен жолаушының арасында жанжал шықты

Алматыда таксист пен жолаушының арасында келеңсіздік туып, артынша жүргізуші дөрекі түрде клиентті көліктен қуып шыққан. Бұл туралы жолаушы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Бүгін сағат 19.00-де мейрамханаға бару үшін мен Яндекс қосымшасы бойынша такси шақырдым (Тариф Бизнес). Мен жиналып жатқан кезімде «көлік күтіп тұр» деген хабарлама келді. Далада жаңбыр жауып тұрды, алайда сыртқа шыққан кезімде мен көлікті таппадым. Жүргізушіге қоңырау шалып, қайда екенін сұрағаным сол еді, ол маған «Сіздің үйге кіретін жол жоқ» деп жауап берді. Десе де жүргізуші ақыры мен тұрған жерге жол тауып келе алды. Ал оны күтіп тұрғанға дейін менің үстім жаңбырдан су болып кетті. Мен оған өз шағымымды айттым. Алайда ол дөрекілік танытып, мені көліктен қуа бастады», - деп жазды автор.

Жолаушы болған жайтты өз телефонына түсіріп алған. Кадралардан жүргізушінің дөрекі түрде клиентті көліктен күштеп шығарғанын көруге болады.