Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған (ВИДЕО)

Астанада автобус жүргізушісінің жолда жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы CTS көлік компаниясы жазды.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиға 27 шілде күні сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын мәлім етті.

Бағыт бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі  қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. 

Өлімнің негізгі себебі - жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейінгі 2-ші күні жұмысқа шықты. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен, - деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.