Астанада мас ер адам лифтіде кішкентай қызға тиіскен

Астанада 40 жастағы ер адам лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиіскен, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Астанада мас ер адам лифтіде кішкентай қызға тиіскен
Фото: видеодан скриншот

Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растап отыр.

«Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды анықтап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қоғамдық орында кәмелет жасына толмаған қызға тиіскені үшін және мас болып жүргені үшін ер адам Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449, 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен шара қолданбау жөнінде арыз түсті», - деп хабарлады полициядан.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға әрдайым абай болуға, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

«Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, дереу 102 жедел арнасына хабарласыңыз», - делінген ақпаратта.