БҚО-да қаңғыбас иттер жабылып, малдарды талап жүр (ВИДЕО)

"Бәрібір бүгінде қаңғыбас иттер көп. Енді шағым түскен жағдайда оларды атуға кірісеміз", - дейді ветеринарлық станция директоры.

Әлеуметтік желілерде БҚО-дағы Жаңа қала ауданында сиырларға иттердің шабуыл жасағаны түсірілген видео тарап жатыр. Ата-аналар иттер балаларға да шабуыл жасай ма деп қорқады, деп хабарлады paryz.kz, "Уралская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Жаңа қала ауданы тұрғындарының айтуынша, билік бұл мәселені шеше алмайды. Жергілікті тұрғын Айболат Бөкеновтің айтуынша, ауданның ветеринарлары иттерді атуға мүмкіндік беретін заң жоқ екенін мәлімдеген. Тамыз айында ол иттердің ағасының малына қалай шабуыл жасағанын өз көзімен көрген. Содан кейін иттер екі ешкі мен бір қошқарды жеген.

Бұл ретте, аудандық ветеринарлық станциясының директоры Мұрат Досмұхамедов биыл 200-ден астам қаңғыбас ит атылғанын хабарлады.

"Қараша айында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің ветклиникасымен бірлесіп, қаңғыбас жануарларды аулау, зарарсыздандыру және чиптеу туралы шартқа қол қойылды. 50 қаңғыбас итті аулап, университетке жібердік. Оларды зарарсыздандырды, содан кейін қайта әкелді. Бәрібір бүгінде қаңғыбас иттер көп. Енді шағым түскен жағдайда оларды атуға кірісеміз. Бір жыл ішінде 200-ден астам қаңғыбас ит атылды. Егер бізге шағым түссе, біз атамыз. Өйткені, тек малға шабуыл жасаса, ештеңе болмайды, бірақ олар адамдарға шабуыл жасай алады", - дейді Мұрат Досмұхамедов.