26.04.2023, 09:15

Оралда гараждың өртенуі: Екі мәйіттің тұлғасы анықталды, үшіншісі зерттеліп жатыр

Фото: inform. kz

БҚО полиция департаменті Орал қаласында гараждың өртенуінен қайтқан адамдар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнынан табылған үш адамның екеуінің кім екендігі анықталды.

«Олар – 1982 жылғы әйел және 2002 жылғы ер адам. Тағы бір ер адамның жеке басы анықталу үстінде. 21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.