«2024 жылдың 26 сәуірінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалы Дмитриев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады. Өрт орнына 7 өрт сөндіру машинасы мен орман күзетінің 11 адамы шықты. Өрт сөндірілді және алгоритмге сәйкес, Абай облысы ТЖ департаментіне хабар берілді», - дейді министрлік.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 36 адам және 9 техника жұмылдырылған. Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындаған.
Қосымша Семей қаласынан облыстық ТЖД 21 адамы және 6 техникасы жіберілген.
Өрт шарпыған аумақ нақтылануда.