06.05.2024, 11:55

Бурабайға демалуға барған астаналық жасөспірім ағашқа соғылып, көз жұмды

Фото: pixabay.com

Ақмола облысының полициясы Бурабайда оқыс оқиғадан қаза тапқан жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Астаналық жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

«Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар жасалады, тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.