25.04.2024, 16:26

Алматыда автобус өртенді

Фото: видеодан скриншот

Алматыда Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында автобус өртенді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Аталған жағдайға ТЖД департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

Бүгін сағат 15.05- те Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы Сүйінбай көшесінің қиылысында автобустың жанғаны жайлы хабарлама түсті. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – дейді баспасөз қызметі.