"Суицидке жеткізу": Оралда жас қыз 9-қабаттан құлап қаза тапты

Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап қаза тапты. Оқиға 17 наурызда болған, – деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

"Суицидке жеткізу": Оралда жас қыз 9-қабаттан құлап қаза тапты
Сурет: Aikyn.kz

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем станциясына сағат 13:17-де хабарлама түскен. Зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін алған жарақаттарынан қайтыс болған.

БҚО Полиция департаменті өкілі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.