Арыс ауданындағы Шағанақсай учаскесінде "Нива" көлігін ағыс алып кеткен.
"Бес жолаушы өз беттерімен шопанның үйіне жеткен. Арыс аудандық ТЖД қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялауға шықты, екі жеңіл көлік (қызметтік және азаматтық) жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 2 ақпанда сағат 15:40-та Созақ ауданында тағы бір көлікті су алып кеткен.
"Шолаққорған-Шаян тасжолының 7-ші шақырымында "Тойота Камри" көлігін тасқын су жол жиегіне ағызып кетті. Көлікте екі адам болғаны анықталды. Оларды ТЖД қызметкерлері құтқарды", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.