Модель қыз телефонын суға түсіріп алып, артынан өзі көз жұмды

Ол әлеуметтік желіде белсенділік танытып, күніне бірнеше сурет жариялап жүрген.

Модель қыз телефонын суға түсіріп алып, артынан өзі көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Архангельск қаласында модель қыз ваннаға түсіп жатқанда қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.

24 жастағы Олеся үнемі телефонын жанында ұстаған. Негізгі жұмысы - қаладағы салондардың бірінде сатушы-кеңесші. Алайда әлеуметтік желіде де белсенділік танытып, күніне бірнеше сурет жариялап жүрген.

Олесяның өлімін оның көршісі жеткізді. Оның айтуынша, осы оқиға қыздың отбасына ауыр соққы болған.

"Анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Бізге бұл туралы пікір білдіру оңай емес, кешіріңіздер", - дейді Олесяның туыстары.

Архангельск облыстық тергеу комитеті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.