Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылды: 2 адам сол жерде қайтыс болды

Бейнеу ауданынан Шетпе бағытына бет алған көлік жол үстінде тұрған екі түйені қағып кетті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылды: 2 адам сол жерде қайтыс болды
фтто: экспрес к

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Lada Xray» автокөлігінің жүргізушісі Бейнеу ауылынан Шетпе кенті бағытына қарай келе жатып, республикалық маңызы бар тас жолдың 93 шақырымында екі түйеге соқтығысты.

 «Аталған дерек Бейнеу ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.