"Бір тәулік жатқан": 6 жасар бала 25 метр тереңдіктен шығарылды

Өзбекстанда 6 жасар бала егіс алқабында қазылған құрғақ артезиан құдығына құлап, құтқарылғанынша бір тәулікке жуық сол жерде болған. Бала 25 метр тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Бір тәулік жатқан": 6 жасар бала 25 метр тереңдіктен шығарылды
Сурет: Ашық дереккөз

Оқиға Қашқадария облысы, Шырақшы ауданы, Лангар ауылында орын алған. 12 маусым күні түс ауа баланың әкесі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен тиісті қызметтер жетті.

Диаметрі 200 миллиметрлік құдықтан баланы шығару үшін экскаваторлар, грейдерлер және басқа да техникалар қажет болған.

Бала 13 маусым күні сағат 10:25-те шығарылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін біраз уақыттан соң оның жағдайы жақсы деп бағаланды.