Ақтөбеде үйдің ауласында ойнап жүрген баланың үстінен көлік жүріп өтті (ВИДЕО)

Ақтөбенің 12-ші ықшамауданындағы №25-ші үйдің ауласында ойнап жүрген баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбеде үйдің ауласында ойнап жүрген баланың үстінен көлік жүріп өтті (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөз

Жеткіншек облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Mazda-626" автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі аулада ойнап жүрген баланы қағып кетті. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Жеткіншек дереу облыстық ауруханға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге абай болу керектігін ескертеді. Әсіресе, ойын-сауық кешендерінің жанында, аула маңында және "Балалар" белгісі орнатылған жерлерде қауіпсіздікке баса мән берген дұрыс.