Павлодарда белгісіз жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды

Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодарда белгісіз жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды
Сурет: ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған.

Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ.