Ақтауда құдықтан шала туылған нәрестенің денесі табылды

Ақтауда құдықтан айы-күні жетпей туған жансыз шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтауда құдықтан шала туылған нәрестенің денесі табылды

"Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 ай толып, өмірге келмеген шарананың табылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.