"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзарды

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Сурет: Nur.kz

"3 маусымда ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", – делінген қалалық сот таратқан хабарламада.

Айта кетейік, "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтар күні тараған еді. 11 қаңтар күні ол екі айға қамауға алынды. Наурыз айында "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Кейінірек. оны қамауда ұстау мерізмі 7 маусымға дейін ұзарған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздік" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілініп отыр.