"Сыныптастарынан таяқ жеп": Түркістанда қайтыс болған 10 жастағы Рамазанның ісі тоқтатылды

Түркістанда өткен жылдың қазан айында қайтыс болған 5-сынып оқушысы Рамазан Жақыпбектің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Полицейлер оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Сыныптастарынан таяқ жеп": Түркістанда қайтыс болған 10 жастағы Рамазанның ісі тоқтатылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жеткіншектің қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен іс тіркелген. Тергеп-тексеру кезінде марқұм оқушының жақын туыстарынан, сыныптастары мен мектеп мұғалімдерінен және дәрігерлік көмек көрсеткен Түркістан қалалық аурухана қызметкерлерінен жауап алынған. Алайда қылмыстық іс дәлелденбепті.

"Мектеп оқушысы өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сай қылмыстық іс өз дәлелденбеуіне байланысты тоқтамға алынды. Яғни қала прокуратурасымен келісіп, іс мұрағатқа жолданды. Қабылданған шешім жәбірленуші тарапқа таныстырылды", — деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, Түркістан қаласында №18 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы ауруханада қайтыс болды. Марқұм баланың туыстары 10 жасар Рамазан мектеп әжетханасында сыныптастарынан таяқ жеп, әлімжеттіктің құрбаны болғанын айтты. Істің әділ өтуін талап еткен отбасы Мемлекет басшысынан көмек сұраған.