03.11.2021, 18:50

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-шақырымында сәрсенбі күні, яғни бүгін күндіз болған.

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды. Жантүршігерлік жол апаты Шонжы ауылының маңында болды деп хабарлайды Paryz.kz

Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-шақырымында сәрсенбі күні күндіз болған.

Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.