14.06.2021, 17:08

Ауыл шаруашылығы министрі бірінші орынбасарымен бірге отставкаға кетуі керек - Тайжан

фото: finance.kz

"Мына министр жақсы адам, жақсы дос, жақсы әке болуы мүмкін. Оған дау жоқ. Бірақ..."

Ауыл шаруашылығы министрі бірінші орынбасарымен бірге сөзсіз отставкаға кетуі керек. Бұл туралы Жер комиссиясының мүшесі, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

Тағы оқи отырыңыз: Нығматулин елдегі қымбатшылық үшін министрлерге шүйлікті

Халық тамақты да кредитке алып жатыр - қоғам белсендісі

Қазақ отбасы 150 мың теңгеге қалт-құлт етіп өмір сүріп жатыр

Азық-түлік өз алдына, енді аяқ киім де қымбаттайды

"Картоп, сәбіздің бағаларының көтерілгені - ол ауыл шаруашылығы саласының обьективті диагнозы. Мына министр жақсы адам, жақсы дос, жақсы әке болуы мүмкін. Оған дау жоқ. Бірақ бұл үлкен және өте маңызды саланың - Ауыл шаруашылығы министрі ретінде никакой, нөл. Бұл министр бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровпен бірге сөзсіз отставкаға кетуі керек!" - деп жазды ол.