04.05.2024, 15:25

Тоқаев жақын арада Ресейге барады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Мәскеуге барады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды

Абаев екі ел басшылары айтарлықтай тұрақты кездесіп тұратынын атап өтті.

«Владимир Путиннің қазанда Қазақстанға сапарынан кейін біздің президенттер екі рет — Санкт-Петерборда ТМД және ЕАЭО саммитерінде және ақпанда Қазандағы Болашақ ойындарында кездесті. Ал 8–9 мамырда біздің президенттің Мәскеуге сапары жоспарланып отыр», - деді Дәурен Абаев.

Елшінің айтуынша, биыл Қазақстан ШЫҰ-ға және ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Тиісінше, осы форматтар аясында да екі ел лидерлерінің кездесуі жоспарланған.

Бұдан бөлек Уфада Ресей мен Қазақстан арасында өңірлік форум өтеді. Осы жиын барысында да Тоқаев пен Путиннің бірнеше кездесулері өтеді деп болжанып отыр.