Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Халық тамақты та кредитке алып жатыр – қоғам белсендісі

"Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі?.."

Халық тамақты та кредитке алып жатыр – қоғам белсендісі
фото: ашық дереккөз

Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар тіпті тамақты сатып алу үшін кредит алып жатыр. Бұл туралы қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның жазуынша, ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке батып қалған.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақ отбасы 150 мың теңгеге қалт-құлт етіп өмір сүріп жатыр

Елімізде жұмыртқа тағы да қымбаттайтын болды

Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып, жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз экономикалық реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы, - деп жазды ол.