"Рахаттанып жүр": Қазақтар Мұсағалиевқа автокөлік сыйлаған

"Камызяки" КВН командасының капитаны, әзілкеш, тележүргізуші Азамат Мұсағалиевты қазақ жігіттері тосынсыймен таңқалдырған. Ол алған сыйлығымен интернеттегі медиажобалардың бірінде мақтанды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Рахаттанып жүр": Қазақтар Мұсағалиевқа автокөлік сыйлаған

Қазақтар Мұсағалиевқа автокөлік сыйлаған. Азаматтың айтуынша, бұл өте күтпеген жағдай болыпты.

"Сен қазақсың, қазақтың атын шығарып жүрсің, жарайсың деді де, жап-жаңа автокөлік сыйлады. Жай ғана , еш себепсіз. Игілігіңе мін, рахаттанып жүр, бауырым деп қолдау көрсетті,

— дейді Азамат.

Мұндай әрекетке бағдарламаға Азаматпен бірге қатысқан ресейлік әзілкештер қатты таңданды. Тіпті олардың бірі қазақ болғысы келетінін де айтып қалды.