Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ермұрат Бәпи: Зорлық-зомбылыққа қатысты заң асығыс қабылданды

Заң «Бішімбаевтан» пайда болған эйфория салдарынан қабылданды

Ермұрат Бәпи: Зорлық-зомбылыққа қатысты заң асығыс қабылданды
tirshilik-tynysy.kz

Бұл туралы белгілі журналист, қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Мүмкін емес/Не может быть!» Youtube арнасының студиясында берген сұхбатында айтты.

«Осы заң тұрғысында мен бір сұрақ қоям деп қоғам арасында сынға қалған жағдайым бар. Осы заң қабылданғаннан кейін бірер ай, бір уақыттан кейін эйфориямыз басылады. Бұл эйфория қайдан пайда болды? «Бішімбаевтардан» пайда болды. Ол әлеуметтік желілерде пайда болған зорлық- зомбылық фактілерінен кейін пайда болды. Иә, әйелдерді ұрып жатқандарын, өлтіріп жатқандарын көрдік, тіпті бөлшектеп тастағандарына дейін болды. Осы негізде жедел түрде қабылданған заң болды. Соңғы кезде, «Бішімбаев синдромынан» пайда болды деп айтамыз. Уақыт келеді, мұның барлығы санадағы уақытша синдром ғой. Бірақ, уақыт өте келе бұның барлығы орнына қойылады, плюсын, минусын айқындайды, сол кезде барып, баға бермесе. Қазрігі жағдайда мысал үшін, неше түрлі әлеуметтік желілерде бір айтылып жатыр. Бірақ, мен өзім депутаттық тұрғыда қолдаймын, дауыс бердім бұған. Бұл заңның бастамашыларын да қолдаймын. 
Ал азаматтық тұрғыда біз қоғамды заңмен ғана тәрбиелей алмаймыз. Біз бәрін заңмен басып тастадық. Біздің мыңжылдық дәстүріміз бар. Отбасы болып қалыптасқан әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бар, ана мен отбасы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас бар, осыған мән беруіміз керек. Осы қалыптасқан ұлттық дәстүрімізді заңмен бірге ары қарай қоғамда жұмыс істеуіміз керек. Біз заң қабылдап алып, ал міне заң қабылданды, әркімнің, басын көтергеннің басынан пере беруге болмайды. Біз осы заңмен бірге ұлттық менталитетімізге сіңген дәстүрді насихаттау, әр бір отбасында, мемлекетте, телевизияда, әлеуметтік желілерде, миллиондық каналдар бар ғой, арналар – ютуб, телеграм каналдар арқылы ұлттық мәнін түсіндіру керек. Соны көтеру керек», - дейді депутат.