Елімізде республикалық маңызы бар 36 жол бөлігі жабылды

Еліміздің 14 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Елімізде республикалық маңызы бар 36 жол бөлігі жабылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Атап айтқанда:

  • Абай облысында - 7 учаске (796 км);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (696 км);
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
  • Атырау облысында - 1 учаске (9 км);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км);
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
  • Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км);
  • Қостанай облысында - 1 учаске (83 км);
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
  • Павлодар облысында - 1 учаске (263 км);
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км);
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
  • Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 224 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.