Оның айтуынша, Тілеуханов ешкімнің ала жібін аттай алмайтын жүрегі таза адам.
Ұлттық музей директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Qasqa Jol Youtube-арнасына бергенсұхбаты барысында Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды ерекше мақтай жөнелді, деп жазады Paryz.kz.
Оның айтуынша, Тілеуханов ешкімнің ала жібін аттай алмайтын жүрегі таза адам.
"Кезінде Бекболат Тілеухан Ресейге қару-жарақ сатты деген видео шықты. Бекболат қайда, қару-жарақ қайда? Бекентай менің жақын досым ғой. Бекболат өмірінде мысықты басынан ұрмайтын адам. Бекболатты білем ғой, ол адам баласы түгілі, жануарға қиянат істемейтін ерекше адам. Қазақстанның мақтанышы. Қазақ халқыны жаны ашып, шырылдап жүреді", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Тағы оқи отырыңыз:
Бекболат Тілеухан Жүрсін Ерманға "бетін көрсеткені үшін" 60 мың доллар берген
Бекболат Тілеухан "Отбасы" туралы заң жобасын "байқамай" қолдап жіберген
"Мені мақтаудың орнына, бәрі сұрақ астына алады" - Арыстанбек Мұхамедиұлы
"Фонограммамен алдайды": Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың өнеріне қатысты ойын айтты (ВИДЕО)
Еске сала кетейік, өткен жылы Бекболат Тілеуханның "Сирияға қару-жарақ сатуға қатысы бар" деген видео пайда болған еді.